Ерекше болу — кемшілік емес, артықшылық!
Біз сіздің және қоғамның осы артықшылықты қабылдауына мүмкіндік береміз!
Соңғы мақалалар
Біз жайлы
Молекула әртүрлі ұсақ атомдардан құралатыны сияқты, біздің қоғам да әртүрлі қажеттілігі бар адамдар тобынан тұрады. Шағын атомдар бірігіп молекула сияқты біртұтас, ірі құрылымды құрайды. Қоғамдағы әртүрлі адамдар да бір-бірімен тығыз байланыста болып, бір-бірін қолдаса, мықты қоғамға айнала аламыз. Сондықтан, ерекше балаларға, олардың ата-анасы мен мамандарға арналған жобамыздың атауын «Молекула» деп алдық.
Молекула жобасы аясында Mumkindik podcast (ерекше балалармен, ата-анасымен, мамандармен аудиокаст түріндегі сұқбат), Керек кеңес (мамандардың, құзырлы органдардың белгілі бір мәселеге қатысты сұқбаттары, әңгімесі, кеңесі), Мүмкіндік (ерекше жандарға арналған мүмкіндіктер, курстар мен тренингтер, жеңілдіктер, заң бойынша кеңестер мен Қазақстанның әртүрлі аймағында осы салаға қатысты болып жатқан соңғы жаңалықтар) жүзеге асырылады.
Егер сіздің немесе жақыныңыздың ерекше оқиғасы, айтары бар болса, байланыс бөліміндегі сілтемелер бойынша бізбен байланыса аласыз.
Біздің құндылықтарымыз:
1️⃣ Инклюзия
Әртүрлілікті құрметтеу
Әрбір адам, шыққан тегі мен сыртқы келбетіне қарамастан өзін қабылдайтын және мүмкіндіктерге қол жеткізе алатын орта құру
2️⃣ Теңдік
Тең мүмкіндік
Қоғамдағы әр адамның тең құқықтар мен мүмкіндіктерге ие екенін көрсетіп, ерекше балаларды сондай мүмкіндіктерден хабардар ету, ақпаратпен қамтамасыз ету
3️⃣ Қолдау
Жан жылуы
Ерекше адамдарға рухани және әлеуметтік қолдау көрсетіп, тиісті құзырлы мекемелермен байланыс орнатуға көмектесу
Бізден сізге:
Сүйіспеншілік пен қолдау
Біз ерекше қажеттіліктері бар адамдарға сүйіспеншілікпен және жанашырлықпен көмек көрсетеміз! Сіз маңыздысыз! Сіз жалғыз емессіз!
Денсаулық пен қамқорлық
Біз денсаулықты нығайтуға арналған керекті кеңестермен бөлісеміз. Сіз де өзгелерге көмек бергіңіз келсе, айтарыңыз болса бізге жазыңыз.
Жеке даму
Біз сіздің жеке дамуыңызға қолдау көрсетіп, потенциалыңызды ашуға көмектесеміз! Сайттан сізге арналған курстар мен тренингтер тізімін көре аласыз.
Ашық байланыс
Бізбен ашық байланыс орнатыңыз! Сұрақтарыңыз бен ойларыңыз маңызды, біз тыңдаймыз!
Шығармашылық қолдау
Біз шығармашылық қабілеттеріңізді дамытуға көмектесеміз! Сіздің ерекше идеяларыңыз біз үшін маңызды!
Пайдалы кеңестер
Біз тұрақты даму үшін қажетті ресурстар мен білімді ұсынып, сіздің жетістіктеріңізді қолдаймыз!