Орындалмайтын армандар да болады...

Mumkindik podcast алғашқы эпизодында «Армандар орындалады», «Сен ерекшесің» әлеуметтік жобаларының авторы, ерекше баланың анасы және ерекше балаларға орыс тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беретін түркістандық Әсел Бимырзаевамен әңгімелесеміз. Бұл эпизодта ерекше баласы бар отбасындағы ең адамның рөлі, ерекше балалардың ерекше армандары және оны орындауға көмектесетін адамдар туралы айтылады. Орындалмайтын армандар, қоғамдағы көзқарас, еріктілер туралы да сөз қозғаймыз.

Ерекше баланы ата-анасы қоғамға қалай бейімдеуі керек?

Mumkindik podcast 2-эпизоды Қызылорда қаласында жазылды. Бұл эпизодта жеті баланың анасы, "Алтын алқа" иегері, екі ерекше бала өсіріп отырған Сандуғаш Әкімбекқызымен әңгімелесеміз. Көпбалалы ана ерекше диагнозы бар кенже ұлы мен қызын қалай өмірге әкелгені, дәрігерлер "балаңыз адам болмайды", "балаңыздан бас тартыңыз" дегенде қандай күйде болғаны және екі баласын қалай аяққа тұрғызғаны туралы айтып берді.

Аутизмі бар Русланның шетелдегі аспаздық жолы

Бұл эпизодта біз ерекше баланың анасы Мәншүк Жәлелқызының шынайы әрі әсерлі оқиғасын тыңдаймыз. Ол аутизмі бар ұлы Русланға диагноз қойылған сәттен бастап, оны қалай қабылдағанын және баласына қалай білім беріп, өмір жолына бағыттағанын әңгімелейді. Отбасының Русланның болашағы үшін Түркияға көшуі мен жаңа өмірге бейімделу оқиғасы да ерекше әсер қалдырады. Бұл эпизод тек қиындықтарды жеңу туралы емес, ана махаббатының шексіз күші мен ерекше балалардың шексіз мүмкіндігі туралы.